Жарияланды: 510

Алматыда "Жапон киносының күндіктері" атты фестиваль өтеді

Алматыда 5-қыркүйекте "Жапон киносының күндіктері" атты фестивальдің ашылу салтанаты өтеді. Жапонияның Қазақстандағы елшілігі мен Қазақстан киногерлерінің Одағы бірлесіп ұйымдастырған бұл фестиваль Алматыда биыл осымен алтыншы мәрте өткізіліп отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Жапонияның Қазақстандағы елшілігінен хабарлады.

Фестивальдің ашылу салтанатына Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Тосио Цунодзаки, Қазақстан киногерлері Одағының төрағасы Әмір Қарақұлов сынды ресми өкілдер қатысады. Фестиваль шеңберінде екі көркем, бес деректі және бір анимациялық фильм көрермен назарына ұсынылады. Атап айтсақ, "Тырнаның мейірбандығы" атты жапон халық ертегісінің желісіне құрылған "Тырна" және "Набидің махаббаты" атты фильмдер мен "Экспресс-Галактика -999" атты анимациялық фильм көрсетілмекші.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін