Жарияланды: 500

Алматыда «Жапон қуыршақтары» көрмесі өтеді

Алматыда ертең, 15 маусым күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайында «Жапон қуыршақтары» атты жылжымалы көрме өтеді.

Көрмеге Жапон қуыршақтарының әр алуан түрлері - Хина, Гогацу Нинге, Кокэси қуыршақтары, императорлық сарай мүшелерін, Кабуки театрының актерлерін, самурайды бейнелейтін қуыршақтар, жапон елінің тыныс-тіршілігін, болмыс-бітімін, рухани әлем ерекшеліктері мен дүниетанымын, төл мәдениеті мен сан ғасырлық дәстүрлі тарихын сипаттайтын 70-тен астам дүниелер қойылатын болады. ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайы мен Алматы қаласындағы Жапония елшілігінің ұйымдастыруымен өтетін шара биыл осымен үшінші рет өткізілгелі отыр. Жапонияда қуыршақтар жасау өнері 1936 жылдан бастап ресми түрде танылды. 1955 жылы Жапон үкіметі «Шынайы ұлттық қазына» («Нингэн кокухо») дәрежесін тағайындады. Бұл дәрежені қуыршақтар жасайтын озық шеберлер ғана алады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін