Алматыда «Жас қалам» жас ақындар жыр мүшәйрасының жүлдегерлері анықталды
![]() |
Алматыда «Жас қалам» жас ақындар жыр мүшәйрасының жүлдегерлері анықталды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Мәдениет басқармасынан хабарлады. |
«Мүшәйраға ұзын-саны 30 ақын қатысты. Солардың ішінен Марат Кенжеханұлы Әзімхан 1-ші орынды жеңіп алды. Екінші орын Назлы Маммадинқызы Искандероваға бұйырса, Нұрсәуле Асығатқызы Сәулет үшінші орынды иеленді», - делінген хабарламада.
Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі бүгін - 22 қыркүйек күні Алатау ауданындағы «Алатау» мәдениет орталығында Қала күні аясында өткізілетін «Ана тілім ардағым» фестивалінде салтанатты түрде атап өтіледі.
Естеріңізге сала кетелік, 2015 жылдың 17 тамызы мен 17 қыркүйегі аралығында Алматы қаласының әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар Одағы бірлесіп, Қала күнін мерекелеу аясында «Жас қалам» жас ақындар жыр мүшәйрасын ұйымдастырған болатын. Оған Алматы қаласы туралы жазған шығармаларымен 35 жасқа дейінгі ақындар қатысты.
Ал Қазылар алқасының құрамына Алматы қаласы Мәдениет басқармасы атынан - Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлсім Сапақова, Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы атынан - Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы Нұрмұха Шаймерденов және Қазақстан Жазушылар Одағы атынан - «АнАрыс» баспасының бас редакторы Қадірбек Құныпияұлы енді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін