Алматыда «Жеткіншек күні-2011» - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Жеткіншек күні-2011»

Алматыда «Жеткіншек күні-2011»

Тағы да Алматы қаласы әкімдігінің Nestle компаниясының KIT-KAT® сауда маркасымен серіктескен түрде қолдауымен Алматыда өтетін «Жеткіншек күні-2011» атты жалпықалалық іс-шараның дайындық жұмыстары аяқталуда. Биыл тинэйджерлердің мейрамы әлеуметтік маңыздылығы зор әрі әлем елдерінің әрбірі үшін таптырмайтын СУПЕР-кәсіптері тест-драйвының бірегей концепциясы аясында өтпек.

  • 26 Шiлде 2011
  • 561
Фото - Caravan.kz

Іс-шараға жасөспірімдерге мастер-класс өткізу арқылы өз ісінің қыр-сырларымен бөлісетін 20-ға жуық түрлі кәсіптердің өкілдері қатысады. Бұл күні мектеп оқушыларына бірнеше сағатқа дәрігер, журналист, құтқарушы, өрт сөндіруші, МАИ, ІІМ қызметкерлері және басқа да маман иелері болуына мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар үйрету кезінде шынайы құрал-жабдықтар қолданылады. Балаларды шынайы әскери техникасымен отанды қорғаушылар, толық нысанды киінген ТЖМ бригадалары әрі реанимобильде медициналық тез жәрдем қызметкерлері, күшті МАЗдар мен автобустардағы өрт сөндірушілер, сондай-ақ өзіңді журналист немесе телевизиялық жүргізуші ретінде сынап көруге мүмкіндік беретін символикалық жаңалықтар студиясы күтеді. Пайдалы білімді меңгеруге KIT-KAT® үзілістері көмектеседі.

Барлық елдерде әлеуметтік кәсіптер өте беделді кәсіптер болып саналады. Олар туралы голливудтық көркем фильмдер түсіріп, алуан түрлі шоу жасайды. Бірінші рет Алматы өзінің таптырмайтын кәсіптердің СУПЕР-әлеуетін көрсетуде. Ұйымдастырушылар ұсынылған мамандықтар қоғамның және бүгінгі жеткіншектер арасындағы жаңа СУПЕР-қаһармандардың бұрынғысынан да көбірек құрметке бөленеді деген үмітте.
Ең алғаш «Жеткіншек күні» 2010 жылы өткізілген болатын. Сонда бес мыңға жуық алматылық тинейджерлер граффити салып, шахмат ойнап, брейк билеп, скейт-шоу және тағы да басқа нәрселер көрсеткен болатын. Содан соң да олар бір жыл бойы өз сезімдерімен ғаламторда бөлісіп, келесі жылғы мейрамды күтті.
Іс-шара 6 тамызда «Астана» алаңында (Ескі алаң) сағат 12.00-ден 19.00-ге дейін жалғасып, гала-концертпен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар