Алматыдағы «Меломан Grand» дүкенінде «Шал» фильмнің DVD дискісінің ресми таныстырылымы өтеді
Алматыдағы «Меломан Grand» дүкенінде «Қазақфильм» киностудиясы шығарған режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмінің DVD дискісінің ресми таныстырылымы өтеді. Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. |
Шараға Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ даму жөніндегі басқарушы директоры Ілияс Ахмет, режиссер Ермек Тұрсынов және актер Ерболат Тоғызақов қатысады.
Еске сала кетейік, «Шал» картинасы «Жылдың үздік фильмі атанған болса, осы фильмде басты рөлді сомдаған актер Ермек Тоғызақов «Жылдың үздік актері» аталымында бас жүлде - «Алтын адам» сыйлығымен марапатталған болатын. «Шал» фильмі 2012 жылдың 11 қазанында прокатқа шығып, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін