Алматылық такси жүргізушісі "Украина дауысы" шоуында төрешілерді таңғалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық такси жүргізушісі "Украина дауысы" шоуында төрешілерді таңғалдырды

Алматылық такси жүргізушісі "Украина дауысы" шоуында төрешілерді таңғалдырды

29 жастағы Ерлан Байбазаров Portugal.The Man рок-тобының Feel It Still әнін орындады

  • 28 Қаңтар 2020
  • 175
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық Ерлан Байбазаров "Голос Украины" шоуының бастапқы кезеңінде өнер көрсетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

29 жастағы Ерлан Байбазаров Portugal.The Man рок-тобының Feel It Still әнін орындады. 

Жігіт бірінші рет "Голос Украины" байқауында өнер көрсетті. Ерлан такси жүргізушісі болып жұмыс істейді, ол еш уақытта әнші боламын деп ойламаған. 

"Бірде караокеде ән айттым, барлығы қол шапалақтады, содан кейін кәсіби әнші болуды ұйғардым. Менің қолымнан келетіннің барлығын жасаймын, менің көршім, көшем, ауылым, қалам, елім мақтан етсе деймін", — деді Ерлан Байбазаров шоу барысында берген сұхбатында. 

Ән орындау кезінде ол электрдомбырада ойнады. Орындаудың бастамасы төрешілерді таңғалдырды, олардың қатарында мынадай танымал әншілер болды: Потап, Настя Каменских, Дима Монатик, Тина Кароль және Дан Балан.

Әншінің орындауын көрмей тыңдаған Монатик сахнада екі адам ән айтып тұр деп болжайды. Бірінші болып Тина Кароль шүртпені басты, артынша Монатик, сосын Потап және Настя Каменских басты. 


"Сіздің жасағаныңыз керемет. Мен сіздің концертіңізге тап қазір бара ем. Шын айтамын. Сізде қызықты материал бар деп ойлаймын…" — деді Монатик. 

"Біз сізге бұрылуымыздың себебі сахнада екі әнші бар деп ойладық", — дейді Настя Каменских.

  "Өкінішке орай мен бұрылмадым, мен нағыз талантты адамды көріп тұрмын", — деді Дан Балан. 

Төрешілерге қазақстандықтың әні ұнағаны соншалық, олар бірге осы әнді айтуды ұйғарды. 

Ерлан Байбазаров Потап және Настя Каменскихтың тобын таңдады.

Кейінірек олар осы әнді домбыраның сүйемелдеуімен бірге айтты.

"Қазақстан, рақмет, жақсы", — деді соңында Потап. 

Монатик Ерланға ұлыбританиялық Ed Sheeran секілді танымал болуды тіледі.

 "Голос Украины" шоуының 10-маусымының екінші шығарылымы 2020 жылы 26 қаңтарда 1+1 телеарнасында шықты. 
 

Соңғы жаңалықтар