Алматының мәдени мұрасына арналған конференция аясында Аль-Фараби атындағы ҚазМУ-де "Тарих және археология" тақырыбындағы бөлім жұмысы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының мәдени мұрасына арналған конференция аясында Аль-Фараби атындағы ҚазМУ-де "Тарих және археология" тақырыбындағы бөлім жұмысы басталады

Алматының мәдени мұрасына арналған конференция аясында Аль-Фараби атындағы ҚазМУ-де "Тарих және археология" тақырыбындағы бөлім жұмысы басталады

Бүгін, 6-сәуірде Алматыда басталған "Алматы- өркениеттер түйіскен қала : өткен және қазіргі тарих, келешек" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Аль-Фараби атындағы ҚазМУ-де "Тарих және археология" тақырыбындағы бөлім жұмысы басталады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Сәуiр 2004
  • 554
Фото - Caravan.kz

Секция барысында Ресей мен Қазақстанның жетекші тарихшы-ғалымдарының баяндамалары тыңдалады. Атап айтсақ, «Еуразиялық далалық аймақтар : ежелгі әлемнің шалғай түкпірі немесе дербес даму орталығы», «Қазақстанның тас дәуірін зерттеуде Ресейлік археологтардың қосқан үлесі «, «Полеоэкономика және Орталық Азияның ежелгі қалаларындағы өндірістер» т.б.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бас қосу Елбасының 2004-жылдың 13-қаңтарында бекітілген «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын жүзеге асыру және Қазақстандағы Ресей жылын өткізу шараларының аясында ұйымдастырылып отыр.
Жиынға Ресей, Франция, Жапония, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстандық ғалымдар мен тарихшы-мамандар қатысуда.

Соңғы жаңалықтар