Жарияланды: 300

Алтындарымды сатып бітірді, ақша ұрлап масқара болдық. Не істеймін? Әлде тезірек ажырасайын ба?

Алтындарымды сатып бітірді, ақша ұрлап масқара болдық. Не істеймін? Әлде тезірек ажырасайын ба? Сурет - Алаш айнасы

Сəлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар?! Мен жолы үлкен апке-жеңгелерімнен ақыл-кеңес сұрағым келеді. Менің жасым 19-да, тұрмыстамын. Тұрмыс құрғаныма 2 жылдан асып бара жатыр. Ерте тұрмыс құрдым. Балалықпен көп нәрсені түсінбеген екенмін, қазір отбасылық өмір едәуір есейтті.

Жолдасым екеуміздің арамызда бала жоқ! Жолдасым үйінде жан дегенде жалғызы. Бастапқыда бəрі жақсы болатын, бірақ бірте-бірте жолдасымның,ата-енемнің шынайы бет- бейнелерін біліп, көре бастадым. Күйеуім көп өтірік айтады, ақшаға жақын, алтындарымның бəрін сатып бітірді, ақша ұрлап масқара болған күндеріміз де болған. Əке-шешесіне бәрібір, қой деп те айтпайды. Келін болып түскелі үйге қонаққа жан адам келген емес. Араласатын дос-жараны, тума-туыстары жоқ. Менің төркінім де араласқысы келмейді, мен үшін үндемейді. Кейде өз туыстарымнан да ұяламын. Не істеуге болады,қалай өтірік пен ұрлықтан арылта аламын? Әлде мұндай адамдардан кеш болмай тұрғанда кетіп қалғаным дұрыс па? 

Аноним 
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Бөлтірік 15.12.2018

Пікір жойылды

Бөлтірік 15.12.2018

Пікір жойылды

Бөлтірік 15.12.2018

Пікір жойылды

Бөлтірік 15.12.2018

Пікір жойылды

Бөлтірік 15.12.2018

Пікір жойылды

Бөлтірік 15.12.2018

Пікір жойылды

Бөлтірік 15.12.2018

Пікір жойылды

Бөлтірік 15.12.2018

Пікір жойылды

Закрыть