А.Мұхамедиұлы 28 панфиловшылар туралы фильмге Қазақстан 80 млн теңге бөлгенін растады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Мұхамедиұлы 28 панфиловшылар туралы фильмге Қазақстан 80 млн теңге бөлгенін растады

А.Мұхамедиұлы 28 панфиловшылар туралы фильмге Қазақстан 80 млн теңге бөлгенін растады

Бірнеше күн бұрын Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарында 28 гвардияшы-панфиловшылар туралы фильмнің түсіріліміне

  • 26 Қазан 2015
  • 559
Фото - Caravan.kz


Қазақстан 80 млн теңге бөлді деген ақпарат жарияланды. ҚазАқпарат тілшісінің сұрағына жауап бере отырып, еліміздің мəдениет жəне спорт министрі Арыстнбек Мұхамедиұлы бұл ақпратты растады. 

"Мен бұл ақпаратты растаймын. Ең əуелі 28 панфиловшылар туралы фильм түсіріледі деген кезде ресейлік əріптесім В.Мединскиймен (Ресейдің Мəдениет министрі) екі мемлекет фильмнің түсіріліміне көмектеседі деп келіскен болатынбыз. Қазақстан тарапы 1 млн доллар, Ресей тарапы 2 млн доллар бөледі деген келісімге қол қойғанбыз. Бірақ соңғы экономикалық жағдайларға байланысты біз 80 млн теңге бөлдік. Дегенмен Қазақстан тарапы Ресейдің түсірілім тобына техника жағынан көп көмек бердік. Ресейде фильм трейлерінің көрсетілімі шықты. Фильм толық аяқталған соң Қазақстанда да прокатқа шығады. Фильмнің бас жағы даңқты батыр Бауыржан Момышұлының сөзімен басталса, соңы Алматы қаласындағы 28 панфиловшыларға арналған ескірткіштің көрінісімен аяқталады", — деп атап өтті министр. 
Айта кетейік, фильмнің бюджеті туралы ақпарат Ресейдің "Вести.ру" сайтында жарияланған болатын. Мақалада айтылғандай, панфиловшылар туралы фильмнің жалпы бюджеті 150 млн рубльді құрап отыр. Оның ішінде, халықтан 34 млн рубль жиналса, Ресейдің Мəдениет министрлігі 30 млн рубль, Қазақстанның Мəдениет министрлігі 19 млн рубль (80 млн теңге) бөлген.

Соңғы жаңалықтар