Анасы Мөлдір Әуелбекованың жүкті екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анасы Мөлдір Әуелбекованың жүкті екенін айтты

Анасы Мөлдір Әуелбекованың жүкті екенін айтты

“KeshYou” тобының экс солисі Мөлдір Әуелбекованың алғашқы перзентін күтіп жүргені белгілі болды.

  • 27 Маусым 2016
  • 1067
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана арнасының “Аналар” бағдарламасында айтылды.

“Үлкен қызым Меруерт ерте үйленді. Құдайға шүкір, төрт баласы бар. Ұлымыздан екі немере сүйдік. Енді, құдай қаласа, тағы да күтіп отырмыз”, – дейді әншінің анасы Кәмшат Әуелбекова.

Анасының бұл сөздерін естіген әнші “Анашым, айтып қойдыңыз ғой” деп еріксіз күліп жібереді. Себебі, ол өзінің жүкті екенін әзірге жасыра тұрғысы келген екен.


Мұнымен қатар, анасы аталған бағдарламада қызының есімін өзі қойғандығын айтты.

Бұл қуанышты жаңалықты естіген желі қолданушылары әншіні құттықтады. Отбасына бақыт тілеп, көпбалалы ана атануына тілектес екендіктерін жеткізді.

Мөлдір Әуелбековаға 2015 жылдың 4 желтоқсанында сырға салынып, тойы 12-сіне белгіленген болатын. Тараз қаласында өткен тойларына өнердегі достары да келіп, қуанышын бөліскен-ді.

Соңғы жаңалықтар