А.Наурузованың «Атамекен. Ата-баба жері» атты жеке фотокөрмесі ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Наурузованың «Атамекен. Ата-баба жері» атты жеке фотокөрмесі ашылады

А.Наурузованың «Атамекен. Ата-баба жері» атты жеке фотокөрмесі ашылады

Ертең ҚР Президенттік мәдениет орталығында Астана журналы фотоиллюстрация бөлімінің меңгерушісі Айнагүл Наурузованың «Атамекен. Ата-баба жері» атты жеке фотокөрмесі ашылады.

  • 30 Маусым 2011
  • 426
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты аталған орталықтың баспасөз қызметінен хабарлады.

Ол өзінің жеке көрмесін Астана күні құрметіне және «Астана» журналының 10 жылдығына арнап отыр. Көрме 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Астана көрінісі, екіншісінде адамдар келбеті, ал соңғы бөлімде еліміздің сұлу табиғаты топтастырылған.

Айта кетейік, А.Наурузова Ресейдің Омбы өңірінде дүниеге келген. Омбы технологиялық колледжін, Омбы мемлекеттік университетін бітірген. 2009 жылдан бері «Астана» журналында қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар