Жарияланды: 490

Әнші Әдеміге шетелдіктер «құда түсуде»

Әнші Әдеміге шетелдіктер «құда түсуде»

«Жаңа толқын - 2015» байқауының жүлдегері әнші Әдеміге хорватиялық әнші Д.Кедзе бірлесіп ән жазуға ұсыныс жасады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте әншінің музыкалық продюссері Ринат Ғайсин мәлім етті.

«Иә, ұсыныстар түсті. Менің өзіме де Сочиде болғанымда байқаудың бас жүлдесін алған Хорватия әншісі Дамир Кедзе еуропалық бір альбомды бірлесіп жазуға ұсыныс жасады. Сонымен қатар ол Әдемінің өнеріне тәнті болып, ағылшын тілінде бірлесіп ән жазайық деген ұсынысын білдірді. Қазір бұл мәселелерді ойластырып жатырмыз. Мұнан  бөлек, Мәскеуге де жолымыз түсуі мүмкін. Бірақ, қазіргі ең басты мақсатымыз - өз елімізде Әдемінің жеке альбомын шығару", - деді БАҚ өкілдеріне Р.Ғайсин.

Айта кетейік, Сочи қаласында өткен Халықаралық «Жаңа толқын - 2015» байқауына қатысқан қазақстандық әнші Әдемі екінші орынды жеңіп алған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін