Әнші Шахизада төртінші күйеуінің әйелімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әнші Шахизада төртінші күйеуінің әйелімен кездесті

Әнші Шахизада төртінші күйеуінің әйелімен кездесті

Өзінен 18 жас кіші әнші жігітте көпшілікке сүйіктім деп таныстырған Шахизада халықты алдағанын мойындады.

  • 19 Мамыр 2023
  • 159
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Студиға кіріп келген өнер иесі әнші Ерболат Ержанбаевпен және оның келіншегі Мерекемен құшақтасып амандасты. Бағдарлама жүргізушісінің: “Ерболатты күйеу етіп көрсету кімнің бастамасыболды?” деген сауалына Шахизада: “Алғашықда бұл менің жанашырлығым болды. Бұл туралы Ерболат біледі. Концертте жүріп, суретке түсіп едік, әнші Жеңіс Ысқақова: “Мына балаға көмек керек еді. Хайп жасап жібермейсіңдер ме?” деп қалжыңдады. Ол да Ерболатқа көмектескісі келді. Эфирге, сахнаға шыққанын қалады. Эфирге шығып жатыр, сахнаға шығып жатыр, дуэт жазып жатырмыз. Менде қандай кінә бар? Менің көмектескім келді. Онда тұрған не бар? Менің ойым таза болмаса, Ерболатқа тиіп аламын. Оны Мереке жақсы біледі. Бірақ мен ондай тірлікке бармаймын. Еш уақытта біреудің отбасын бұзған емеспін. Мен 40 жыл сахнада жүріп мен талай ер азаматтармен ән айттым. Бірақ неге екенін білмеймін, сол ер азаматтарды маған қосып қоя береді. Соны түсінбеймін. Бұған дейін берген сұхбаттарымда Ерболат туралы қалжыңдап айттым. Бағдарлама жүргізушілерімен алдын-ала келісіп алдық. Бұл – шоу. Мен бәрін айттым, халықтың алдында кешірім сұрадым”, – дейді эстрада жұлдызы.

Десе де Шахизада өнердегі әріптесімен хайп жасап, көпшілікті алдағанына мүлдем өкінбейді. Әнші болған жағдайдан кейін халықтың өзі туралы қандай ойда екенінен хабардар.


“Бізді Пугачева мен Галкинға теңеп жатыр. Балаларым, немерелерім жайлы айтады. Менің жеке өмірімде ешкімнің шаруасы болмасын. Ән сапарға шыққанда күйеуі бар әншілер маған мұңын шағады. Мен сол кезде жұбата аламын. Өйткен мен қателігімнен сабақ алған адаммын. Балаларым керісінше, маған хайп жасауды ұсынады. Өйткені олар менің қандай екенімді жақсы біледі. Хайп жасағаныма өкінбеймін. Өйткені мен ешкімге жамандық жасаған жоқпын. ”, – дейді әнші.

Сондай-ақ ол өзінің ұнатқан сүйікті адамы барын да айтып қалды.

“Ерболат пен Мереке менің жігіт бар екенін біледі. Менің жақсы көретін жігітім бар. Бұл хайпты менің жігітім де түсінді. Ешкім бұл іс насырға шауып кетеді деп ойлаған жоқ. Ерболатқа танымал болу үшін оқырман саны көп болу керек, сахнаға шығып, ән айтып, дуэт жаздыру керек. Мен көмектестім, әлі де көмектесемін. Мерекемен бірге жүреміз. Төртінші рет күйеуге тием бе, оныншы рет пе ол менің проблемам”, – дейді Шахизада.

Соңғы жаңалықтар