Жарияланды: 690

Әнші-композитор Ә.Молдағайыновты еске алуға арналған «Сағындым сені, Ақ Жайық» атты концерт өтті

12 желтоқсан күні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда атақты әнші-композитор, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Әшір Молдағайыновты еске алуға арналған «Сағындым сені, Ақ Жайық» атты концерт қойылды.

Аталмыш кеште биыл туғанына 75 жыл толған композитордың негізінен Ақ Жайық ақындарының сөздеріне жазылған туындылары орындалды. Концертті Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі сүйемелдесе, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Бердіғалиев, еліміздің еңбек сіңірген әртісі Қанатқали Қожақов, сондай-ақ Мұрат Әмірханов, Ақсұлу Жұмалиева, Ақмарал Ахметова, Жаңылсын Хасанова және басқа өңір өнерпаздары әуелете ән шырқады. Композитордың зайыбы, белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жұмағаным Рахимованың атап өткеніндей, Жамбылда өмір есігін ашып, Алматыда елге танылған Әшір Молдағайыновтың Ақ Жайық өңіріне келгеннен кейін екінші тынысы ашылды. Осында көптеген әндер ғана емес, симфониялық поэма, опералар жазды. Өнімді еңбек еткен композитордың соңында мол мұра қалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін