Апталық жұлдызнама: 23-29 сәуір - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Апталық жұлдызнама: 23-29 сәуір

Апталық жұлдызнама: 23-29 сәуір

Осы аптаға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынамыз.

  • 23 Сәуiр 2018
  • 1623
Фото - Caravan.kz

Тоқты

Алдын ала ойластырылмаған, жоспарсыз шығындарға жол бермеңіз. Салдарынан аптаның екінші жартысында қаржылай қиындыққа тап болуыңыз мүмкін. Себебі, бұл аптада жұмсаған ақшаның орнын толтыру мүмкіндігі төмен. Апта соңында біреулерден қарыз сұрап жүрмеу үшін ұсақ-түйекке кететін тиын-тебенге дейін есеппен жұмсаңыз. Ал, көлемді сауда-саттықты мүлдем кейінге ысыра тұрғаныңыз дұрыс.

Торпақ

Алдағы аптада қолға алған ісіңіздің барлығы оңынан шешіліп, жақсы нәтижеге жеткізетін болады. Апта басында қызметке қатысты мәлелелердің шешімін табуға барынша күш салыңыз. Тиімді коммерсиялық ұсыныс түсуі мүмкін. Ал, жетінің екінші жартысын достар мен туыстарыңызға арнаңыз.

Егіздер

Бұл аптада бойыңыздағы «жауынгер» барынша белсенді. Өзіңіздің дұрыстығыңызды дәлелдеу үшін кіммен болсын айқаса кетуге әзір тұрасыз. Әсіресе, қызметке қатысты мәселелерде. Алайда, өзіңізге ерік беріп, жағымсыз жайлар тудырсаңыз, соңы жақсы аяқталмайтынын біліңіз. Сіз үшін де, өзге үшін де ешқандай пайдасы болмайды. Сондықтан, апта бойында өзіңізді барынша сабырлы ұстауға тырысыңыз. Сенбі-жексенбіде отбасыңызбен бірге болсаңыз, күндеріңіз тыныш та жайлы өтеді.

Шаян

Басшылықпен жалақыңызды көтеру жайында сөйлесуді бұрыннан жоспарлап келесіз. Бірақ, ыңғайлы уақыт пен жағдай болмай жүр ме? Ендеше қамданыңыз, алдағы апта — бұл ойыңызды жүзеге асырудың дер кезі. Аптаның барлық күндерінде сәттілік сіздің жағыңызда. Сондай-ақ, апта бойы бойыңызды романтикалық көңіл-күй билейді.

Арыстан

Келер аптада күтпеген шығындар туындау мүмкіндігі жоғары. Сондықтан, әр тиыныңызды есеппен жұмсап, күтпеген жағдайларға іштей дайын бола жүріңіз.

Сізді сырттай ұнатып, бақылап жүрген бір жан қасыңыздан қалмай қоюы мүмкін. Тіпті өзіне көңіл бөлмей, өзгелерге көп уақытыңызды арнайтыныңыз үшін ренішін білдіруі де ықтимал. Оған бұл қылығының орынсыз екенін бірден ұқтырыңыз.

Бикеш

Аптаның иығыңызға артар жүгі ауыр болмақ. Жұмыста да, үйде де мойныңызға ілінер міндет көбейеді. Бірін естен шығарып, енді бір маңыздысын ескермей қалмау үшін жазбаша түрде жоспар жасаңыз. Қойын кітапшаңыз әрдайым жаныңызда болсын. Әйтпесе, апта соңында артыңызға қарап, ісіңіздің өнбегеніне ішіңіз ашуы әбден мүмкін.

Таразы

Бір жағдайлардың әсерінен сүйікті адамыңызды мүлдем басқа қырынан көресіз. Бәлкім, оған одан сайын риза бола түсерсіз. Көңіліңізді қалдыруы да мүмкін. Қалай болғанда да, оның іс-әрекетіне әділ баға беріңіз. Егер өзінің жаман қырын көрсетсе, бұған көз жұма қарамай, жақсылап сөйлесіп, жөнге салыңыз.


Сарышаян

Жуық арада ірі көлемдегі сауда-саттық күтіп тұр. Осы бастан қаражат жинай беріңіз. Сондай-ақ, осы аптада ерекше әсерге бөлейтін жағымды жаңа таныстықтар орын алады. Отбасын құрмаған Сарышаяндарда ол махаббатпен байланысты да болуы мүмкін.

Мерген

Бұл апта Мергендер үшін ойды жүзеге асыратын уақыт. Кез келген істе, кез келген мәселеде. Айталық, жазғы демалысты жоспарлауды бастаған болсаңыз, оған керекті біраз шаруаны осы аптада тындырыңыз. Өмірлік серігіңізді тапсаңыз, онымен қарым-қатынастың жаңа сатысына көтерілуге қадам жасаңыз. Бәрі сәтімен бітеді.

Тауешкі

Алдағы жұмада жұмысыңызға барынша мұқият болыңыз. Бұл күндері сізде қателікке жол беру, құжаттарды жоғалту мүмкіндігі жоғары. Бұл жайлы басшылыққа жеткізуге асық бәсекелестер де жақын жерден табыла кетеді.

Суқұйғыш

Келер апта сізге барынша өнімділік пен нәтиже алып келмек. Жыл басынан бері созбақталып келе жатқан мәселелерді шешуге, қолыңыз бармай жүрген тұрмыстық шаруаларды аяқтауға мүмкіндігіңіз бар. Сүйікті адамыңыз тосын сый жасап таң қалдырады.

Балықтар

Жұлдыздар сізге бұл аптада маңызды іс бастамауға, құжаттарға қол қоюды келесі жетіге қалдыруға кеңес береді. Апта бойы ашушаңдық шырмауында жүресіз. Салдарынан өзіңізге ие болмай, артық сөз айтып, жақындарыңызды ренжітіп алуыңыз мүмкін. Өзіңізді сабырға шақырып, саналы түрде барынша байсалды болуға тырысыңыз.

Соңғы жаңалықтар