Ақан Сатаевтың жаңа фильмінің тұсауы кесіледі (ВИДЕО)
![]() |
«Рэкетир», «Жаужүрек мың бала» фильмдерімен режиссер ретінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған Ақан Сатаев халықаралық жобасын көпшілік назарына ұсынуға дайын. |
Оның канадалық әріптестерімен бірлесіп түсірген жұмысы «Хакер» деп аталады. Сатаевтың осы жолғы туындысы АҚШ-та, Канадада, БАӘ және Таиландта түсірілген.
Фильмнің тұсауы Алматыда қала күні қарсаңында өтетін 11-ші халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде кесіледі, деп хабарлайды gakku.kz.
Кино саласындағы маңызды дода 19 қыркүйекте басталады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін