Жарияланды: 600

Ақселеу Сейдімбек әрбір қазақ баласының идеалы болуы тиіс - Ә.Кекілбаев

Мен Ақселеу Сейдімбекті әрбір қазақ баласы ұмтылатын идеал деп түсінемін.

Бүгін Астанада басталған «Ақселеу Сейдімбек: ғылыми мұрасы және Тәуелсіздік» атты конференцияда мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, жазушы Әбіш Кекілбаев осылай айтты. «Қазақ кезінде қандай болды?», - деп сұраса, мен Ақселеуді көрсетіп: «Қазақ дейтін мынау болады!», - деп айтар едім. «Қазақ болашақта қандай болады?», - деп сұрасаңыз, тағы сол Ақселеуді көрсетіп: «Қазақ дейтін мынандай бола алады?», - дейтін едім. Қысқасы, мен Ақселеу Сейдімбекті бүгінде әрбір қазақ баласы ұмтылатын эталон, әрбір қазақ баласы ұмтылатын идеал деп түсінемін. Мен қазақ халқына Ақселеуді бергені үшін ризамын», - дейді Ә.Кекілбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін