“Ақтаулықтар жарады, оларды бірден орнына қойып тастады” - Гүлзира Айдарбекова Ақтауда болған жайды айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Ақтаулықтар жарады, оларды бірден орнына қойып тастады” - Гүлзира Айдарбекова Ақтауда болған жайды айтты

“Ақтаулықтар жарады, оларды бірден орнына қойып тастады” - Гүлзира Айдарбекова Ақтауда болған жайды айтты

Әнші Қайрат Нұртастың анасы инстаграм әлеуметтік желісінде Ақтау қаласына қатысты ұлына айтылған қанқу сөздерге нүкте қойды.

  • 14 Қаңтар 2022
  • 837
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Ақтаулықтар Қайратты өйтіпті-бүйтіпті, көліктен түспеді деген өсектер біраз желіні шулатып, іші тар, көреалмай отырғандар ойдойт түрлі суреттерін қойып ауыздарына келгенін жазғандарымен өз-өзін жұбатып әлек. Қайратты Ақтаулықтар аяғын жерге тигізбей құрметтеп бірінен соң бірі кеткенінше күтіп жіберді, еш уайымдамасаңыздар болады.

Оған дәлел мына видеолар қажет болып жатса. Тіптен Ақтаулықтар ұрып тастапты деп беті қанаған етіп монтаждап та салып қойыпты. Бір тал шашы да түскен жоқ, бетіне саусақтарының ұшы да тиген жоқ. Қашатын адам көліктің жарығын жағып мені көрдіңдер ма дегендей отырмайтын шығар, өсекке ермес бұрын, есі дұрыс адам осыдан ақ ой түйер.

Қайрат көліктен шығып мән-жайды айтып қайта отырған кезінде түсірілген видео екені көрініп тұрған жоқ па, көліктің жарығын жағып отырғанынан ақ. Ол жерде Ақтаулықтар емес, шет жақтан келген, жолды жауып елді дүрліктіріп тұрған жігіттер.

Ақтаулықтар жарады, оларды бірден орнына қойып тастады, бейбіт шеру жасау керек деп бәрін ақылмен тарқатып, арандатушыларға міз бақтырмай қойды.

Елдегі арандатушылардың кесірінен қаншама боздақтарынан айрылған аналардың жер құшып, көз жастары көл болғанын көріп отырып, желі арқылы елдің ойын кері пікірге бұрып, азғырып отырғандар, өсекті тоқтатсаңыздар екен.

Біз де қарапайым халықпыз, жасырын емес, көздеріңізге бақшитып тұрып тауып жатқан адал нәпақамыз, шығынымыз да аз емес. Өнер жолы оңай болса, бәрі бірдей неге әнші бола салмайды екен, ол да болса инемен құдық қазғандай еңбек және еңбегіңе қарай,


Алланың берген сыйы. Елден миллиардтап ұрлап қашқанымыз жоқ, тиісетін адамды тауып тиісу керек қой. Елдің мақтанышы болып бір азамат бас көтерсе, неге аяқтан тартуымыз керек.
Ия, бұл ауру біздің қанымызға сіңген ауру көреалмашылық дерті. Қырғыздар өз өнер адамын кеше қалай жақтап алды, ал біз қазақтар ше, намыс қайда? Қашанғы бір-бірімізді күндеп, басқа елге күлкі боламыз. Қашан бізде ауызбіршілік болады?", —деп жазба қалдырды.

Желі оқырмандары: "Дұрыс айтасыз","Сіздей мықты батыр анасы бар Қайрекең бақытты","Ақтаулықтар молодец","Алтындарым","Ел не демейді","Қайрат шаршама, ел үшін қызмет ете бер","Біреуге қарв жағуға мастерміз ғой","Біреудің сөзін тыңдамаңдаршы тек алға",- деп пікір қалдырды.

https://www.instagram.com/p/CYquNRFM2ZX/?utm_medium=copy_link

Соңғы жаңалықтар