Ақтөбеде Неміс киносының апталығы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде Неміс киносының апталығы басталды

Ақтөбеде Неміс киносының апталығы басталды

Сейсенбі күні кешке «Мега Ақтөбе» сауда және ойын-сауық кешеніндегі «Кинопарк 7» кинотеатрында Неміс киносы апталығының ашылуы болды.

  • 8 Маусым 2011
  • 453
Фото - Caravan.kz

Бұл шараға Германия Федеративтік Республикасының бас консулы Герольд Амелунг қатысты.

Неміс киносының Ақтөбедегі апталығы «Йерихов» фильмімен ашылды.

Бұған дейін хабарлағандай, неміс киносының Қазақстандағы «КИНОгерМАНИЯ» фестивалін Германияның Астанадағы елшілігі, Германияның Алматыдағы бас консулдығы және Қазақстандағы Гете институты Швейцария елшілігінің қолдауымен өткізуде. Фестиваль аясында еліміздің 16 қаласында халықаралық және ұлттық кинофестивальдердің жүлдегерлері атанған герман және швейцариялық фильмдер көрсетіледі.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап қараша айына дейін фестиваль Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында өтеді. Кинофестиваль 21 қарашада Алматыда аяқталады.

Соңғы жаңалықтар