Ақтөбеге халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінің қатысушылары келді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеге халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінің қатысушылары келді

Ақтөбеге халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінің қатысушылары келді

14 маусым мен 18 маусым аралығында Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Әлия гүлі» достарын қарсы алады» атты IV Халықаралық балалар шығармашылығы фестивалі өтеді.

  • 14 Маусым 2011
  • 425
Фото - Caravan.kz

Бүгін қалаға байқаудың алғашқы қатысушылары келді.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, байқауда Мәскеу, Пенза, Қазан, Тараз, Орынбор, Орск, Бішкек және Ақтөбе қалаларының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.

Ертең байқауға қатысушылар Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалды мұражайды аралап, қала әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездеседі, салтанатты шеру Әлия Молдағұлованың ескерткішіне дейін жалғасып, сол жерде жас өнерпаздар батыр мүсініне гүл шоқтарын қояды. Содан соң фестивальға қатысушылардың концерті басталады.

Байқаудың салтанатты ашылуы кешке Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында болады.

Сәрсенбі күні фестиваль тағы да Әия батырдың ескерткішінен басталып, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбев саябағында жалғасын табады. Сол жерде іс-шара өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталады.

Ал бейсенбі күні таңертең балалар Батыр қыздың туған өлкесі Қобды ауданына ат басын бұрып, күннің екінші жартысында облыстық драма театрында «Әлия гүлі» ансамблінің концерті өтеді.

Соңғы жаңалықтар