Ақын Дүйсенбек Нақыповтың жаңа жыр жинағы жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақын Дүйсенбек Нақыповтың жаңа жыр жинағы жарық көрді

Ақын Дүйсенбек Нақыповтың жаңа жыр жинағы жарық көрді

Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада белгілі ақын Дүйсенбек Нақыповтың шығармашылығына арналған «Дүйсенбек Нақыповтың шығармашылығы Қазақстанның замануи әдебиетінде» атты «дөңгелек үстел» өтті.

  • 7 Маусым 2011
  • 709
Фото - Caravan.kz

Басқосуда ақынның «Сирень на закате» атты жаңа жыр жинағы таныстырылды.

Дөңгелек үстелге жиналған ақын, жазушылар мен белгілі қоғам қайраткерлері, ақынның шығармашылығы жаңа кітап жайлы ойларымен бөлісті.

«Дүйсенбек Нақыпов поэзия мен прозадағы айтулы тұлға. Оның туындыларындағы философиялық ойлар адамды ерекше тылсым әлемге жетелейді»,- дейді филология ғылымдарының докторы, профессор Аслан Жақсылықов.

Д.Нақыпов — белгілі ақын, хореограф-либретташы, сценарий жазушы. 1964 жылы Мәскеу академиялық хореографиялық училищесін, 1985 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. 1964-86 жылдары Абай атындағы МАОБТ солисті, 1989-1991 жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясы «Әлем» шығармашылық бірлестігінің редакторы. Қазақстан хореографтар одағының төрағасы. Алғашқы «Вечер века» атты жыр жинағы 1995 жылы жарық көрген. «Круг пепла» (2006 ж.) және «Тень ветра» (2009 ж.) атты екі романнан тұратын дилогияның авторы. Сонымен бірге, бірнеше өлеңдер жинағының, соның ішінде көпшілікке танымал болған «Песни моллюски» (2000 ж.) кітабының авторы.

Дөңгелек үстел барысында оқырман қауымның назарына ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ақын, жазушы Д.Нақыповтың шығармашылығына арналған «Жаңа мыңжылдықтың ақыны мен прозашысы» атты кітап көрмесі ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар