Әсел Сәдуақасова өзін 21 жыл бойы қинаған қорқынышы жайлы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әсел Сәдуақасова өзін 21 жыл бойы қинаған қорқынышы жайлы айтты

Әсел Сәдуақасова өзін 21 жыл бойы қинаған қорқынышы жайлы айтты

Әсел Сәдуақасова 21 жыл бойы артық салмақтан қорқып келген. Жасөспірім шағында толықтығы үшін ұятқа қалған актриса содан бастап тамақты аз жеуді үйренген. Десе де, соңғы жылдары сырт келбетіне өзінің көңілі толмаған.

  • 9 Желтоқсан 2021
  • 173
Фото - Caravan.kz

Есесіне биыл актриса санасын өзгерту арқылы арықтағанын айтады. Әсел басынан өткен хикаясымен желіде бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

15 жасында Әсел Жітіқарада тұратын әжесіне жазғы демалысқа барып, 10 келі салмақ қосқанын еске алды. Қалаға қайта оралған соң, ерінбеген жанның бәрі оның артық салмағын сөз қылған.

"Сол кезде "толық болу деген масқара" деген қорқынышты ой миымда қалыптасып қалды. Егер арық болмасам, демек бірдеңе дұрыс емес.
Бірақ бұл өсудің гормоналды кезеңі еді. Арада 4 ай өткен соң салмағым бұрынғы қалпына түсті, бірақ ойымдағы қорқыныш 21 жылға қалды. Ол қорқынышым өсе берді және мені іштей жей бастады.

Сол бір сәтте өзімнің сырт келбетіме және тамаққа қатысты алғашқы негативті ойларымды таптым. "Мен толықпын", "Толуға бейіммін", "Мен өзімді үнемі тамақтан шектеуім керек", "Көп жеу — жаман", "Май кез-келген тамақтан пайда болады", т.б.", — дейді Сәдуақасова.


Актриса осы жылдар ішінде ашығу мен диетаның түр-түрін көрген. Тек биыл қорқынышын жеңіп, өзі қалаған нәтижеге жеткенін айтады.

"Мен әдейілеп өзімді тамақтан шектемейтін болдым. Керісінше қалағанымның бәрін жеп, қорқынышыммен жұмыс істедім. Сонымен салмағым да кетті, тәбетім де басылды", — дейді актриса.

Соңғы жаңалықтар