Ашуланып тұрсам да ерімнің бұйрығын орындадым - Алтынай Жорабаева - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашуланып тұрсам да ерімнің бұйрығын орындадым - Алтынай Жорабаева

Ашуланып тұрсам да ерімнің бұйрығын орындадым - Алтынай Жорабаева

Алтынай Жорабаева өзінің жеке әлеуметтік парақшасында жариялаған постын кейіннен өшіріп тастады. Артынан оның себебін де түсіндірді. 

  • 6 Қыркүйек 2021
  • 4577
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Неге “дезинфекция” жайлы постты өшірдім?

Мен биліктен емес, тек бір Алладан қорқамын!
Әйел үшін, АЛЛАДАН кейін ер азамат тұрады 
әрине, ол үшін ер азамыты әйел затын сыйлайтын , жүрегінде иманы болса)
Кешегі постты салған соң, Алишер маған:
“Неге осы әншілерден жалғыз өзің осындай посттар саласың?
Билік бәрібір өзінікін жасайды! Соңында “провокатор” болып қаласың!
Түсінемін, жаның ауырып отыр
. Бірақ билікпен нағыз мамандардың өзі күресіп жүрсе де, оларды елемей отыр.

Өшір " постты” деген соң , ашуланып тұрсам да, ерімнің бұйрығын орындадым!
Сол постым ватсап аралап, пабликтер жарыса салыпты .
Тағы бір “білімді інішек” менің әр жазған сөзіме
тоқталыпты. Сол жерде мені белгілеп жатқан соң оқып шықтым .
Түсінемін , дезинфекция екен! Балалар оқитын мекемені дезинфекциялап жүрген адам, неге өзі тұмшаланып алған? Яғни зиян !

Ал балалар үшін ше? Жарайды, “ПРОВЕТРИТЬ” етіптімыс.
Онда оның пайдасы қанша ?
Қараңғы емес, көгереңдеп күн батқан сәт екен! Қазір күннің өзі 20:30-дан ары қарай батады. Неге мектеп басталғанда жасалып отыр?

Мектепке дейін 1-2 күн бұрын , Құдайдың күндізінде жасаса болмайды ма?
Естеріңізде болсын! Қазіргі үйде пайдаланып жүрген дезинфекция жасайтын заттардың өзі ағзаға зиян ! Себебі, рак , аллергия ауруларын тудырады! Иммунитет түсіреді!
Ал мыналар қандай затпен ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУДА?

Өзі тұмшаланса, демек өте зиян! ИММУНИТЕТ ТҮССЕ , ВИРУС ТЕЗ ЖҰҒАДЫ !!! 
Негізі қазір көптеген органикалық үй тазалайтын, дезинфекция жасайтын сұйықтықтар көп. Ол үй тазалайтын сұйықтықтармен тіпті, ауыз қуысын , ашық жараларды, тазалап отырмыз . Тазалағыш болса,
Мектептерге, яғни болашағымызды алаңдайтын мекемелерде неге органикалық сұйықтармен ДЕЗИНФЕКЦИЯ жасамайды? (атын айтып , түсін түстемейін. Жарнама жасап отыр деп түсінетіндер де жетіп асады
)
МІНЕ, осындай “білімдісымақ, ақылсымақ адамдар” ортаға түсіп, соңында ЖАБУЛЫ ҚАЗАН ЖАБУЛЫ БОЛАДЫ!
Мен Ана ретінде жұмбаққа жауап іздеген едім!
Ал мұндай, тіпті медицинаға қатысы жоқ өсекпен айналысқан еркексымақтар “әдемі жауап бердім” деп мәз екен
",- деп жазба жария етті.

Әншінің оқырмандары: "Өте дұрыс, күйеуің дұрыс істетті", "Сен сияқты алаңдаса біздің балаларымызды бәрі де жақсы болушы еді", "Ризамын", "Шүйлікпеші бұларға, бәрібір жеңбейсің", — деп жарысы жазды'!