Актер не себепті бұлай айтқанын алғаш рет түсіндіріп берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Оның сөзінше ол өзі білмейтін салаға мүлдем араласпайтын көрінеді.
«Мені бір журналист тоқтатып алады, сөйтіп мен ол сұраққа жауап беремін. Мен өзімнің шынайы ойымды саламын, ол оны салып жібереді, сөйтіп комментарий, лайк жинайды. Хейт жазып жатқандардың көбі үкіметтен қорқады деп жазып жатыр.
Мен Үкіметтің жұмысында істемеймін, мен үкіметтің киносына түсіп жатқан жоқпын. Мен үкіметтің лигасында төбелесіп жүрген жоқпын, үкіметтің ақшасын алып жатқан жоқпын, сондықтан мен үкіметтен қорықпаймын.
Олар менің воздухымды перекрывать ете алмайды. Қорқақ дейді, мен хейттан қорықсам, «иә, иә» деп основной массаға не ұнайды соны айта салатын едім. Мен өзімнің шынайы азаматтық ұстанымымды айттым. Өйткені мен аспаннан салбырап түскен жоқпын. Кредит, қарыз, ипотека, менің автобусқа төлейтін ақшам болмайтын, үш-ақ жыл бұрын.
Менің әке-шешем өмірі базарда жұмыс істеген. Кризис, карантин болды, тауардың бәрі қалды, қарызға батты. Інім 250 мың теңгеге байланысшы болып жұмыс істейді, төрт жыл оқыды, 250 мың теңгеге жұмыс істеу үшін. Екі баласы бар, жетпейді 250 мың теңге.
Параллельно виза жасайды, ағылшыннан сабақ береді, өйткені жетпейдіғ жетпегеннен кейін параллельно жұмыс істейді. Мен де актер болып, мысалы бір жылда бір телехикаяға түссем, миллион теңге алсам, оны 12 айға бөл, 80 мың теңге ақша шығады. Ол жетпейді маған.
Жетпегеннен кейін лигаға шығып, параллельно мен де жұмыс істеймін. Жетпегенді мен біреуді кінәламай, өзгерте алатын нәрсені өзім өзгертуге тырысамын. Мен өз ойымды айттым. НДС туралы айт дегенде де, мен оны көтермедім. Себебі өзім білмейтін нәрсеге мұрнымды сұқпаймын”, — деп түсіндірді актер.