Астана әкімдігі Шыңғысхан жайлы фильм түсіру туралы Стивен Сигалдың ұсынысын ойлануда
Астана әкімдігі Шыңғысхан жайлы фильм түсіру туралы Стивен Сигалдың ұсынысын ойлануда. |
Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов өз блогында оқырмандардың бірінің сауалына осылай деп жауап берді.
Шыңғысхан туралы Стивен Сигалдың киножобасына Астана әкімдігінің қаржылай көмек көрсетіп отырғаны рас па және кезінде қазақ жерін басып алған басқыншы туралы фильм түсіруде Қазақстанның мүддесі қандай деген сауал қойған екен.
«Стивен Сигал Экшн-фильмдердің «Astana-2011» ІІ халықаралық фестивалінің барысында баспасөз мәслихатында Шыңғысхан туралы көркем фильм түсірмек ниеті туралы мәлімдеме жасаған еді. Бірақ ол жобаны қолдау туралы біз шешім қабылдаған жоқпыз», - делінген әкімнің жауабында.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін