Астана күнінде «Қазақтың дәстүрлі мың әні» антологиясына енген қазақ әндері молынан шырқалады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана күнінде «Қазақтың дәстүрлі мың әні» антологиясына енген қазақ әндері молынан шырқалады

Астана күнінде «Қазақтың дәстүрлі мың әні» антологиясына енген қазақ әндері молынан шырқалады

Астана күнінде «Қазақтың дәстүрлі мың әні» антологиясына енген қазақ әндері молынан шырқалады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

  • 30 Маусым 2011
  • 655
Фото - Caravan.kz

1 шілде күні Конгресс-Холл сарайында өтетін «Інжу-маржан» халық әуендерінің концертінде Қайрат Байбосынов, Сәуле Жанпейісова, Нұржан Жанпейісов, Рамазан Стамғазиев сынды белгілі әнші-термешілер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында дүниеге келген «Қазақтың дәстүрлі мың әні» антологиясына енген қазақ әндерін молынан шырқамақ. Антологияға Батыс Қазақстан әншілік дәстүрінің негізін қалаған ән асқары Мұхиттың, Арқа, Жетісу, Сыр өңірі, Маңғыстау дәстүрлі әншілік-орындаушылық мектептеріне негіз салған Ақан сері мен Біржан салдың бірегей туындылары енген.

Кеш барысында сондай-ақ әндердің туу тарихына, халық композиторлары, орындаушылар өміріне байланысты деректер, бейнематериалдар келтіріліп, қазақ әнінің құдіреті жайындағы өзге елдердің белгілі адамдарының, қазақ мәдениетіндегі ұлы тұлғалардың пікірлері беріліп отырады.

Соңғы жаңалықтар