Астана мен Алматыда ТМД және түркітілдес елдері композиторларының I халықаралық камералық музыка фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Алматыда ТМД және түркітілдес елдері композиторларының I халықаралық камералық музыка фестивалі өтеді

Астана мен Алматыда ТМД және түркітілдес елдері композиторларының I халықаралық камералық музыка фестивалі өтеді

20 қараша күні Астана қаласындағы К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының концерт залында ТМД және түркітілдес елдері композиторларының халықаралық «Camerata tempo» камералық музыка фестивалі шымылдығын ашады, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 20 Қараша 2012
  • 347
Фото - Caravan.kz

Жобаның авторы — ҚР Халық әртісі, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Гауһар Мырзабекова. Шара шеңберінде «Қазақстан камератасы» Мемлекеттік классикалық музыка ансамблі өзінің 15 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Фестивальдің сыйлы қонақтары арасында танымал музыканттар мен композиторлар бар. Олар: Гия Канчели, Олег Крыса, «Musica Viva» Мәскеу камералық оркестрі, Нұржамал Үсенбаева, Медет Чотабаева, Амир Тебенихин, Александр Винницкий, Әділ Бестыбаев, Толиб Шахиди, Мұрат Беғалиев, Петр Грибанов, Әлішер Латиф-Заде.

«Camerata tempo» камералық музыка фестивалі Алматы сахналарында да жалғасын табады. 24, 25, 28 қараша күндері Алматы қаласы Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының концерт залында фестивальдің концерттік бағдарламалары көрсетіледі және шақырылған қонақтардың баспасөз конференциясы өтеді. 8 желтоқсан күні Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ТМД және түркітілдес елдері композиторларының «Camerata tempo» камералық музыка халықаралық фестивалінің Гала-концерті ұйымдастырылмақ.

Фестивальға қатысушы елдер: Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, АҚШ, Бельгия, Грузия, Түркия, Ұлыбритания, Франция.

Соңғы жаңалықтар