Астана мен Алматыда түркі тілдес елдер мен ТМД мемлекеттерінің І Халықаралық камералық музыка фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Алматыда түркі тілдес елдер мен ТМД мемлекеттерінің І Халықаралық камералық музыка фестивалі өтеді

Астана мен Алматыда түркі тілдес елдер мен ТМД мемлекеттерінің І Халықаралық камералық музыка фестивалі өтеді

Астана мен Алматы қалаларында 20 қараша мен 8 желтоқсан аралығында түркі тілдес елдер мен ТМД мемлекеттерінің қазіргі заманғы композиторларының «Камерата Қазақстан» І Халықаралық камералық музыка фестивалі өтеді.

  • 19 Қараша 2012
  • 399
Фото - Caravan.kz

Оны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақ әуендері» АҚ және «Камерата Қазақстан» мемлекеттік оркестрі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бұл шараға АҚШ, Әзірбайжан, Бельгия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Тәжікстан, Түркия, Ресей, Финляндия сияқты алыс-жақын елдердің өкілдері қатыспақ. Олардың арасында Олег Крыса (АҚШ), Амир Тебенихин (Германия), Фархад Керимов, Рауф Алиев (Әзірбайжан), Мұрат Бегалиев (Қырғызстан), Александр Винницкий (Финляндия), «MusicaViva» Мәскеу камералық оркестрі, Александр Рудин, Петр Грибанов, Рашид Скуратов (Россия) Нұржамал Үсенбаева, Медет Чотабаев, Тимур Орманчеев және Ғ.Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті квартеті (Қазақстан) бар.

Фестивальдің ашылуы Астанада өтеді. Ал одан кейін Алматыда 24 қарашада Musica Viva Мәскеу камералық оркестрі, 25-інде ТМД және түркі тілдес елдердің қазіргі заманғы композиторларының камералық музыка концерті, 28-інде Гия Канчелидің авторлық кеші, 8 желтоқсанда фестивальдің жабылуы мен «Камерата Қазақстан» мемлекеттік камералық оркестрінің 15 жылдығына арналған гала-концерт өтеді.

Соңғы жаңалықтар