Астанада 20 жастағы 20 суретшінің көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 20 жастағы 20 суретшінің көрмесі ашылды

Астанада 20 жастағы 20 суретшінің көрмесі ашылды

Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылына орай 20 жастағы 20 суретші «Дәл қазір» деп аталатын көркемсурет көрмесін ашты.

  • 24 Маусым 2011
  • 483
Фото - Caravan.kz

Бұл жоба «Құланшы» қазіргі заман өнер орталығының ұйытқы болуымен төртінші жыл ұйымдастырылып отыр.

«Біз жас суретшілерге өздерінің жұмыстарында Қазақстан Тәуелсіздігінің құрдастары ретінде нені сезінетіндіктерін бейнелеп берулерін сұрадық. Картиналар әр алуан жанрда, әр алуан тақырыпта салынған: біреулер өз туындыларында қазіргі болмысты қамтуға тырысқан, екіншілері армандарына, ойларына бойлап, ел келешегінің қандай болатынын суреттеуге тырмысқан», — дейді «Құланшы» қазіргі заман өнер орталығының жетекшісі, көрме тәлімгері, суретші Лейла Махат.

Л. Махат өнер жолындағы қадамдарын енді бастап келе жатқан жас суретшілер Қазақстанның бейнелеу өнері тарихында өз аттарын қалдыруы тиіс деп есептейді.

«Олар әлі ізденіс үстінде, суретшілер өздеріне тән формаларды, бағытты, техниканы қалыптастыруда. «Құланшы» орталығы олардың бұл бағытта жетіле түсуіне көмек көрсетеді», — деп атап көрсетті ол.

Көрме жұмысына суреттерден бөлек мүсіндер мен инсталляциялар қойылған. Олардан Ежелгі Мысырдың өнері мен сәулетіне тән нышандарды байқауға болады.

Соңғы жаңалықтар