Астанада әдеби-музыкалық фестиваль өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада әдеби-музыкалық фестиваль өтті

Астанада әдеби-музыкалық фестиваль өтті

Астанада "Әлем балалар тілімен" атты ІІ балалар әдеби-музыкалық шығармашылығының фестивалі өтті, деп хвабарлады astana.gov.kz.

  • 6 Қараша 2015
  • 577
Фото - Caravan.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында өткен іс-шараның ұйымдастырушылары — Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Лад» республикалық славян қозғалысының астаналық бөлімшесі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің басты мақсаты — дарынды жастарды тауып, олардың шығармашылық өсуіне, түрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін сақтауға ықпал етеді. Фестивальге әртүрлі жастағы балалар мен жасөспірімдер, шығармашылық топтар, сонымен қатар сәндік-қолданбалы өнер студиялары, халықаралық достық клубтары қатысты.

Жас өнерпаздарды театртанушылар, хореографтар, өнертанушылар сынды білікті қазылар алқасы бағалады. Байқау «Вокалды және хор», «Би», «Аспаптық жанр»,  «Бейнелеу өнері» және өзге де аталым бойынша өткізілді.

Байқауға елордалық этномәдени бірлестіктердің: «Лад» РСҚ,  «Вайнах» шешен-ингуштық этно-мәдени орталығы, «Таң» татар-башқұрт этно-мәдени орталығы, «Возрождение» немістер одағы және  «Ватра» украиндық мәдени орталықтың шығармашылық ұжымдары қатысты.


Фестивальдің барлық қатысушыларына диплом мен бағалы сыйлықтар берілді.

Соңғы жаңалықтар