Жарияланды: 560

Астанада ақын Қ.Аманжоловтың 100 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтеді

Астанада қазақтың аса ірі ақындарының бірі Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби-музыкалық кеш өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәдени кеш 17 маусым күні «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атпен ҚР Президенттік мәдениет орталығында өтеді. Оған еліміздің бетке ұстар сахна шеберлері: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбеков, ҚР Халық әртісі Гүлжан Әспетова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мейірхан Адамбеков, ҚР Халық әртисі Сара Тыныштығұлова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова, республикалық конкурстардың лауреаттары Сержан Мұсайын, Дінислам Жайлаубай, Жамбыл Дүсенов, Сырым Хордин және басқалары қатысады. Қасым Аманжолов - қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды. Қ.Аманжолов - көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, батыс пен шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне аударды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін