Астанада атақты Дж. Пуччинидің «Манон Леско» операсы қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада атақты Дж. Пуччинидің «Манон Леско» операсы қойылды

Астанада атақты Дж. Пуччинидің «Манон Леско» операсы қойылды

Астанада Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында атақты итальян композиторы Джакомо Пуччинидің «Манон Леско» операсының премьерасы өтуде.

  • 30 Маусым 2011
  • 467
Фото - Caravan.kz

Аталмыш опера аббат Превоның «Де Грие мен Манон Леско кавалерінің тарихы» атты романынының желісіне құрылған.

Аталмыш операның қоюшы-режиссеры — Ресейдің еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Достық» орденінің иегері Юрий Александров (Санкт-Петербор). Бұның алдында ол елордада Пуччинидің «Тоска», «Мадам Баттерфляй» сынды операларын қойған болатын.

«Манон Леско» операсы «Тоска» және «Богема» опералары секілді Дж.Пуччинидің алғашқы жұмыстарының қатарына жатады. Ол кезде әйгілі композитордың музыкалық-драмалық таланты ерекше ашыла түскен кезі еді. Дж. Пуччини опера кейіпкерлерінің жарқын мінездерін нақышына келтіре көрсетіп, сахналық такттарды ұтымды бере алуымен ерекшеленеді. Операның ең алғашқы қойылымы 1893 жылдың 1 ақпанында Турин қаласында өткен.

«Манон Леско» операсын Астанада қою жөніндегі идеяны ҚР Мәдениет министрі М. Құл-Мұхаммед ұсынған. Екі күн қойылатын премьераға Италияның Пезаро, Озимо қаласынан келген жоғары кәсіби әншілер қатысады. Режиссер Ю. Александровтың айтуынша, премьераны дайындауға бір айдан астам уақыт кеткен.

Режиссердің сөзіне қарағанда, «Манон Лесконы» таңдаудың басты мақсаты — елде жаңа, заманауи бағыттағы опера қойылымын әкелу болатын. «Операның тақырыбы бүгін өте өзекті деп санаймын. Себебі қазіргі уақытта әйел мен еркек арасындағы сезім тым қарапайым болып кеткен. Бұрынғыдай әйел мен еркек арасында болатын мәңгі сұхбатқа асқақ та жан-тәнімен берілген қарым-қатынас жетіспейді. Ал бұл оқиға адамның махаббат үшін өмірін құрбандыққа шалғандығы туралы баян етеді», — дейді ол.

Юрий Александров Мариин театрының қоюшы-режиссеры, «Санкт-Петербургъ-Опера» Мемлекеттік камералық музыкалық театрының көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі (2008). 1997 жылы музыкалық театрдағы «ең үздік қоюшы-режиссер» ретінде Санкт-Петербордың «Золотой софит» театр өнеріндегі ең жоғарғы сыйлығының иегері атанды.

Соңғы жаңалықтар