Жарияланды: 410

Астанада Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтеді

Астанада Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтеді

14 қараша күні Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында  өмірден мезгілсіз озған белгілі әнші Батырхан Шүкеновке арналған кеш өтеді. 

Белгілі скрипкашы Арман Мырзағалиев бұл шараны Батырханның құрметіне арнамақ, деп хабарлайды gakku.kz.

Концертте Веберн, Сибелиус, Бах, Чайковский сынды классиктердің шығармалары орындалады.

Сондай-ақ шарада Хорватия, Ресей сынды елдерден жерлесіміздің өнерін құрметтейтін түрлі музыканттар өнер көрсетеді. 

«Өзінің өнерімен, кәсіпқойлығымен, жас өнерпаздарды қолдауымен Батырхан музыка әлемінде өшпес із қалдырды», - дейді А.Мырзағалиев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін