Белгілі скрипкашы Арман Мырзағалиев бұл шараны Батырханның құрметіне арнамақ, деп хабарлайды gakku.kz.
Концертте Веберн, Сибелиус, Бах, Чайковский сынды классиктердің шығармалары орындалады.
Сондай-ақ шарада Хорватия, Ресей сынды елдерден жерлесіміздің өнерін құрметтейтін түрлі музыканттар өнер көрсетеді.
«Өзінің өнерімен, кәсіпқойлығымен, жас өнерпаздарды қолдауымен Батырхан музыка әлемінде өшпес із қалдырды», — дейді А.Мырзағалиев.