Астанада дарынды жастардың «Шабыт» халықаралық XV фестивалі өтеді
Астанада 3-8 қараша күндері дарынды жастардың «Шабыт» халықаралық XV фестивалі өтеді. |
Астана қаласы әкімдігі сайтының хабарлауынша, бұл жылы фестиваль «Классикалық музыка», «Журналистика», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Цирк өнері», «Балеттің жас әртістері байқауы» және «Үздік әдеби шығарма» аталымдары бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Шығармашыл жастарға берілетін басты сый - Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы болмақ. Сонымен қатар, Гран-при, «Лауреат» атағы беріле отырып 1, 2, 3 дәрежелі сыйлықтар, «Шабыт» медалі, атаулы дипломдар мен Қазақстанның көрнекті мәдениет және өнер қайтаркерлері атындағы сыйлықтар ұсынылады. Келешегінен үміт күттіретін жастарға «Дипломант» атағы көрсетілген дипломдар, фестивальға белсене қатысқаны үшін марапат қағаздары мен жекелеген аталымдар бойынша арнайы дипломдар мен сыйлықтар беріледі.
Фестивальді Астана қаласының әкімдігі, қалалық мәдениет басқармасы, Қазақ ұлттық өнер университеті ұйымдастырып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін