Астанада эстон азық-түлігінің көрмесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 531.96
  • 622.45
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада эстон азық-түлігінің көрмесі өтеді

Астанада эстон азық-түлігінің көрмесі өтеді

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында елордада Эстонияда шығарылған азық-түлік өнімдерінің көрмесін өткізу жоспарланған.

  • 29 Шiлде 2011
  • 589
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналистерге Эстония Республикасының Қазақстандағы құрметті консулы Бибігүл Балпық мәлім етті.

«Қыркүйек айында эстон тауарларының жәрмеңкесі өтеді. Онда 30-дан астам кәсіпорындардың азық-түлік тауарлары ұсынылатын болады», — деді ол.

Оның атап өтуінше, эстон азық-түлігі жоғары сапа, төмен бағасымен және алуан түрлігімен ерекшеленеді.

Естеріңізге сала кетейік, елордада ағымдағы жылдың мамырында Эстонияның Қазақстандағы Елшілігі ашылған болатын. Эстония істерінің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Маргус Солнсен.