Жарияланды: 420

Астанада икондар көрмесі ашылды

Бүгін елордадағы Қазіргі заман өнері мұражайында «Өнердегі христиандық» атты бірегей икондар көрмесі ашылды.

Көрмені «Астана коллекция жинаушылары» ҚБ ұйымдастырған. Оған XVIII-XX ғасырдағы түрлі икон жасау мектебі мен шеберлердің түпнұсқада және мыс пластикада жасалған икондары қойылған. Экспозицияны қола мен мыс үлгілері, шіркеу кітаптары, түрлі көлемде құйылған әдемі эмал крестер толықтырады. Астана тұрғындары мен қонақтары алғаш рет Вадим Бобков пен Максим Темеев жинаған 21 иконды көре алады. Икондарда Әулие Богородицтер, Иисус Христос, Владимир, Смоленск, Қазан, Троеручицтер құдай аналарының шаттықты сәттері, тағы басқалар бейнеленген. Сондай-ақ, көрмеде Валерий Семеновтың жиынтығынан шіркеу кітаптары ұсынылады. «Өнердегі христиандық» икондар көрмесі Қазіргі заман өнері мұражайында екі апта, 16-нан 31 қаңтарға дейін жұмыс істейтін болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін