Астанада классикалық музыка кеші болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада классикалық музыка кеші болады

Астанада классикалық музыка кеші болады

Шілденің 4-і мен 6-сы күндері елордада Астананың туған күніне орайластырылған «Дыбысты өзен» атты классикалық музыка кеші өтеді. Бұл туралы іс-шараның сценарисі Игорь Фролов мәлім етті.

  • 30 Маусым 2011
  • 486
Фото - Caravan.kz

«Есіл өзенінің жағалауында инструментальды музыка кештері тұңғыш рет 2008 жылы өткізілген болатын. Содан бері мұндай кештер дәстүрге айналды десек те болады. Биылғы жылы классикалық концерттер сериясын биыл біз Сергей Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балетімен бастаймыз», — деді ол бейсенбі күні журналистерге.

«Бұл қойылымның ерекшелігі — ол өзендегі қалқыма сценада өтеді. Балет тарихында мұндай бұрын-соңды болған емес», — деп атап өтті И.Фролов.
Қалқыма понтондағы сцена өзенге орнатылмақ.
«Ромео мен Джульетта» операсын Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әртістері қояды.
Фестиваль шеңберінде опера-балет жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

Соңғы жаңалықтар