Астанада Павлодар облысы мұражайларының қорларынан ұйымдастырылған көрме ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Павлодар облысы мұражайларының қорларынан ұйымдастырылған көрме ашылады

Астанада Павлодар облысы мұражайларының қорларынан ұйымдастырылған көрме ашылады

17 маусымда ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында Павлодар облысы мұражайларының қорларынан ұйымдастырылған «Ұлы даланың сазы» атты көрме ашылады.

  • 13 Маусым 2011
  • 550
Фото - Caravan.kz

Көрме 2008 жылдан бері жемісті өтіп келе жатқан «Алға ұмтылған Қазақстан» атты аймақаралық көрме жобасы аясында өткізіледі. Көрмеге өңірдің ғасырлар қойнауынан сыр шертетін тарихи, археологиялық, сәулет және бейнелеу өнерінің үздік жәдігерлері қойылады.

Экспозициялар үш залға орналастырылған. Үлкен залда Павлодар өңірінің қазіргі заманғы суретшілерінің шығармашылық жұмыстарын көруге болады. Олардың арасында: К.К. Баймулдин, А.И. Бибин, А.В. Гулин, А.Е. Игембаев, Қ.Н. Қаржасов, П.Г. Лысенко, А.О. Оразбаев, В.Ф. Поликарпов, В.М. Приходько, О.А. Шуранов, Е.А. Фридлин және тағы басқалар бар. Бұл шебер суреттелген туындылардың негізіне адами таным, философиялық толғаныс тақырыптары, табиғаттың көркем бейнесі, портреттік жанр, ұлттық болмыс бейнелері мен нышандары, тарихи сюжеттер алынған.

Кіші залда Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі және Қ.И. Сәтпаев атындағы музейлер қорынан әкелінген, өңірдің ежелгі және қазіргі заманғы тарихымен, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайымен таныстыратын фотомәліметтер, мұрағаттық құжаттар мен экспонаттар ұсынылған. Мұнда б.з.д. 65-70 млн. ж.б. кезеңге жататын палеонтологиялық және археологиялық артефактілер, үш тұяқты жылқы тектес гиппарионның сүйек қаңқалары, үлкен мүйіз тұмсықтар мен алпауыт бұғылардың мүйіздері, мұз дәуіріне жататын мамонттың тістері тағы басқа жәдігерлер қойылған. Келушілер XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы материалдық мәдени ескерткіштер мен халық шеберлерінің зергерлік бұйымдарымен таныса алады.

Ал түскі ас залында Павлодар өңірі тумаларының: ғалымдар, жазушылар, ақындар мен қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі жайлы баяндайтын экспозиция орналасады. Осы өңірден шыққан атақты ақын Бұқар-жырау, композитор және ақын Ж.М. Байжанов, тарихшы-ағартушы М.Ж. Көпеев, ақын-демократ С. Торайғыров, ақын және философ Жаяу Мұса, кинорежиссер және актер — КСРО Халық әртісі Ш. Айманов, композитор және жазушы Н.Г. Шафер және т.б. ұлы тұлғалар мұралары өшпес қазынаға айналған.

Қазақстан ғалымдарының ішінде геолог, Қазақстан Ғылымдар Академиясының бірініші Президенті, КСРО Ленин және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың алатын орны ерекше.

Сондай-ақ мұражайдың алдындағы алаңда Павлодар өңірінің актерлері қонақтарға арнап сахналық көріністер қояды.

Соңғы жаңалықтар