Астанада Пушкин оқулары өтіп жатыр
Дүйсенбі күні Астанада Пушкин оқулары басталды. |
А.Пушкиннің туған күні мен халықаралық Орыс тілі күніне орайластырылған шара ұлы ақынның ескерткіші маңында өтіп жатыр.
Қалалық Тіл басқармасының ақпарына қарағанда, студенттер, мектеп оқушылары, елорда тұрғындары мен қонақтар ақынның шығармаларын оқып, М.Горький атындағы Орыс драма театрының әртістері театрландырылған қойылым көрсетеді.
Мәдениет шарасы А.Пушкиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Оған белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, М.Ломоносов атындағы ММУ тіл кафедрасының профессорлары қатысты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін