Астанада қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының қатысуымен Open Air өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының қатысуымен Open Air өтті

Астанада қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының қатысуымен Open Air өтті

 

  • 2 Маусым 2016
  • 663
Фото - Caravan.kz

Астана тұрғындары мен қонақтары кеше үлкен мерекелік концерттің куәсі болды. «Астана Арена» стадионы алаңында ашық аспан астында «Болашақ энергиясы» атты концерт өтті, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

 Кеште қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. 

«ЭКСПО 2017» аясындағы кеште Бүркіт, Қайрат Нұртас, Дос, Дильназ Ахмадиева, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, Айқын Төлепберген, Мақпал Исабекова, Ринат Малцагов, Алмас Кішкенбаев, Мәдина Сәдуақасова және «Жігіттер», «КешYOU», «Ринго», «Арт домбыра», «Дабыл» топтары өнер көрсетіп, жиналған қауымға шат-шадыман көңіл-күй сыйлайды.

Сонымен қатар, Астана тұрғындары мен қонақтары Ресей эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Максим, Джиган, Alekseev, Кристина Си, Егор Крид, Катя Лель, Анастасия Волочкова, A-Dessa, Глюкоза, Сати Казанова, Анна Седокова және «Время и Стекло», Потап пен Настя, «Блестящие», «Градусы» топтары көпшiлiкке танымал хит әндерiн орындады.


Сағат сегiзде басталған концертке к.ннің салқындығына қарамастан мыңдаған адам жиналды. Open Air «Қазақстан» арнасында тiкелей эфирде көрсетiлді. Кешті Тұрсынбек Қабатов, Гүлнар Сильбаева сияқты әзіл әлемінің майталмандары жүргізді.

 

 

Соңғы жаңалықтар