Астанада қытай қуыршақтарының көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қытай қуыршақтарының көрмесі ашылды

Астанада қытай қуыршақтарының көрмесі ашылды

Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қытай халқының мәдениеті мен тарихынан сыр шертетін қытай қуыршақтары көрмесі өтті. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Маусым 2011
  • 1068
Фото - Caravan.kz

«Бейжің операсы кейіпкерлерінің бейнесі» атты көрменің Қазақстанда Азия елдерінің ішінде алғашқы болып ұйымдастырылуына Қытай елінің мәдениет министрлігі және С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ жанында жұмыс істейтін Қазақ-қытай ғылым және білім орталығы мұрындық болды.

Көрмеге әрқайсысының ұзындығы 60 сантиметр болатын 60 қуыршақ қойылды. Әр бейне Қытай халқының осыдан 2-3 мың жылдар бұрынғы саясат, философия, этика, әдебиет, эстетика мәдениетінен сыр шертеді. Қытай операсы 4 негізгі техникаға негізделген: ән айту, диалог және монолог, қимыл-әрекет, акробатикалық күрес. Сонымен қатар, қозғалыстың бес әдісін қамтиды: қол, көз, дене, ишара және қадам. Бейжің операсы әлемде ең бай үлгідегі костюмдерімен ерекшеленеді.

Соңғы жаңалықтар