Астанада Р.Тагордың 150 жылдық мерейтойына арналған көрме өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Р.Тагордың 150 жылдық мерейтойына арналған көрме өтеді

Астанада Р.Тагордың 150 жылдық мерейтойына арналған көрме өтеді

2011 жылдың 10 маусымында ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында үнді ақыны және ағартушысы, суретші Рабиндранат Тагордың 150 жылдық мерейтойына арналған «Қызыл шұғыла» атты көрме ашылады.

  • 6 Маусым 2011
  • 529
Фото - Caravan.kz

Көрме мұражайдың «Мәдениет арқылы сұхбат» халықаралық жобасы шеңберінде өткізіледі. Осы уақытқа дейін Астана тұрғындары мен қонақтары үнді халқының аса бай тарихымен және мәдениет мұрасымен ғана емес сондай-ақ, Үндістанның қазіргі бейнелеу өнеріндегі біртума жұмыстарымен таныса алды. «Қызыл шұғыла» атты көрме Үнді мәдениет орталығы мен Қазақстан Республикасындағы Үнді елшілігі бірлесіп ұйымдастырып отырған кезекті төртінші мәдени іс-шара.

Рабиндранат Тагор 1861 жылы 6 мамырда Калькуттада діни-реформаторлық қоғамы көсемінің отбасында дүниеге келген. Аса зиялы отбасында өскен Тагор санскрит, бенгалдық және ағылшын әдебиеттерін оқып, жазушы ретінде қалыптасты. Осылайша ол классикалық және халықтық Үндістанды еуропалық мәдениетпен үндестіре білді.

Жазушының мұрасы — романдар және повесттер, 50-ден астам дастандар мен өлеңдер жинағы, 100-ге жуық әңгімелер, көсемсөз, романтика сипатындағы пьесалар, философия саласындағы жұмыстары, әдебиет және тіл тарихы, мектеп оқулықтары, Данте және Петрарканың өлеңдерінің аудармалары. «Халық рухы» атты өлеңі Үндістанның, «Менің алтын Бенгалиям» атты өлеңі Бангладештің ұлттық әнұрандары болып қалыптасты. Әлемге танымал болған ол, 1913 жылы әдебиет саласынан Азия жазушыларынан алғашқы болып Нобель сыйлығын алды. Оның еңбектері халықаралық тілдерге аударылған.

Үнді халқының ұлы перзентінің сан қырлы шығармашылығымен танысуға мүмкіндік беретін көрмеде Р. Тагордың 45 сандық көшірме суреттері орналасқан. Экспозияцияда сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы қорынан алынған кәдесыйлар мен кітаптар болады.

Соңғы жаңалықтар