Астанада танымал суретшілердің халықаралық көрмесі өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада танымал суретшілердің халықаралық көрмесі өтуде

Астанада танымал суретшілердің халықаралық көрмесі өтуде

Бүгін, 13 маусымда Астанада Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Шабыт» шығармашылық сарайында Қытайдың «Бейбітшілік үшін саяхат» атты көрмесі өз жұмысын бастады.

  • 13 Маусым 2011
  • 621
Фото - Caravan.kz

Ол 15 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінен.

Көрменің ашылу салтанатына ҚР Үкіметі басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев, ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі Дей Бинго мырза қатысты.

халы-аралы—к-рмесі Көрме Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық Саммиті, Қытай Халық Республикасы төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға ресми сапары аясында өтуде.

Көрме «Әлемнің барлық бұрышына қытайдың әлемге танымал суретшілерінің бейбіт саяхаты» комитетінің бастамасымен ұйымдастырылып, өткізілуде. Қазақстан тарапынан көрмені ұйымдастыруға ҚР Мәдениет министрлігі ықпал етуде.

Көрмеде Қытайдың белгілі 20-дан астам суретшілері мен Қытай еліне сыйға берілген Қазақстан суретшілерінің көркемсурет шығармалары көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Көрмеге Қытай елінің көркемсурет өнерінде елеулі орын алатын ірі тұлғалардың «гохуа», «гохуа» мен «майлы бояудағы сурет» стильдерін араластырып орындаған туындылары көрермен назарына ұсынылған.

халы-аралы—к-рмесі- Бұл стильдегі орындаушылар өз шығармаларын әртүрлі табиғи ландшафт пен пейзаж жанрын дамыта отырып кескіндейді. Мысалы, таулардың, құстардың, жануарлардың түрлері бойынша суретшілер бір бағытта мамандандырылады. Бұл суреттердің басты элементі иероглиф болып табылады.

Көрмеде Қазақстанның белгілі қылқалам шеберлері Марат Тұқсейітов, Төлеуғазы Байғалиев, Қалиолла Ахметжанов, Владимир Проценко, Сембіғали Смағұлов, Ерлан Айтуаров шығармаларын тамашалауға да болады.

Соңғы жаңалықтар