Жарияланды: 820

Астанада «Тарих пен тіл тамырлас» атты жас ақындар мүшәйрасы өтеді

Астанада «Тарих пен тіл тамырлас» атты жас ақындар мүшәйрасы өтеді

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан халқы тілдерінің ХVII қалалық фестивалі аясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих пен тіл тамырлас» атты жас ақындар мүшәйрасын өткізеді.

Мүшәйраның мақсаты - ұлттық тарихты ұлықтау, тілдің тереңдігін таныту. Мемлекеттілік пен елдікті қалыптастырудағы қос ұғымның маңыздылығын жас ұрпақтың санасына сіңіру. Жас ақындардың поэзия өнеріне қолдау көрсете отырып, тарихи-әдеби шығармашылыққа жұмылдыру. Қазақ тілінің қолданыс аясын жан-жақты кеңейту. Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейлі межесін көпшілікке паш ету.

Сайыс екі кезеңнен тұрады: іріктеу кезеңі және қорытынды кезең.

Мүшәйра шарттары:

-         мүшәйраға 14-29 жас аралығындағы жас ақындар қатыса алады;

-         қатысушылар өзі туралы мәлімет (аты-жөні, оқу/қызмет орны, жетістіктері, байланыс телефоны және суреті) жолдайды;

-         Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған өз өлеңдерін ұсыну керек;

-         оқылатын шығармалар көлемі 2-3 минуттан аспауы керек.

Жастар мүшәйрасына қатысуға өтініштер мен өлеңдер 15 қыркүйекке дейін қабылданып, іріктеліп, үміткерлерге 16 қыркүйек күні хабарланады. Қорытынды сайыс 22 қыркүйек күні өткізіледі.  

Қазылар ақынның сөз қолданысына, өлеңнің мазмұны мен тереңдігіне; ұйқасына, көркемдік ерекшелігіне, тақырыпты ашу сипатына;            шығармаларын оқу шеберлігіне; тіл тазалығына, сахна мәдениеті және киіміне назар аударады.

Жеңімпаздар бағалы сыйлық, диплом және алғысхаттармен марапатталады.    

Қатысушылар туралы жоғарыдағы көрсетілген ақпараттар, өлеңдер (электрондық нұсқада) 2015 жылғы 15 қыркүйекке дейін жолдану керек.

Байланыс телефондары: 55-67-25, 8-775-335-04-14;

e-mile: e.ensebaev@uya.astana.kz

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін