Астанада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған мұрағаттық құжаттардың көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған мұрағаттық құжаттардың көрмесі ашылды

Астанада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған мұрағаттық құжаттардың көрмесі ашылды

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мұрағаттық құжаттардан құралған көрме ашылды.

  • 8 Шiлде 2011
  • 581
Фото - Caravan.kz

«Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» атты көрме 7 бөлімнен тұрады. Мысалға, «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы» бөліміне — 1995 жылдың 26 желтоқсанындағы «ҚР Президенті туралы» Констиутциялық заңы, 1991 жылдың 10 желтоқсанындағы ҚР Жоғарғы Кеңесінің «ҚР Президентінің қызметіне кірісу туралы» қаулысы және тағы да басқа құжаттар қойылған. Сондай-ақ «Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын қабылдау. ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау»; «ҚР Констиутциясының қабылдануы»; «ҚР мемлекеттік рәміздері»; «Қазақстан және халықаралық ұйымдар»; «Қазақстан — 2030» стратегиясы — экономиканың қазақстандық үлгісі»; «Арманы биік Астана» бөлімдері маңызды әрі мазмұндық құжаттарға толы.

«Бүгінгі ақиқат, бүгінгі шындық уақыт өте келе тарихқа айналады. Ғасырлармен өлшеуге боларлық өзгерістер өмірге келген соңғы жиырма жылдың тарихын көрсететін бүгінгі көрме назар аударарлық іс-шара. Тәуелсіздігімізді алып, 20 жыл ішінде аяғына тік тұрып, бүкіл әлемге танымал еліміздің жасампаздық жолы құжаттар тілімен еркін, жақсы сөйлеп тұр. Көрме әсіресе, жастарға ерекше әсерлі және қажетті деп ойлаймын. Себебі қазіргі ұрпақ бүгінгі өзгерістердің куәгері», — деп атап өтті ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары Ербол Шәймерден.

Көрмеге ҚР Ұлттық мұрағатының, Орталық мемлекеттік мұрағатының және Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағатының 250 мұрағаттық құжаты және материалдары іріктеп алынды. Көрмеге алғаш рет «Астана мемлекеттік сәулет» ЖШС-нің фотоқұжаттары, Астана қаласында бой көтерген ғимараттардың макеттері және фототілші И.Бургадиновтың жеке мұрасынан фотолар қойылды.

Көрме Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі — 16 желтоқсанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар