Астанада Тұрсынжан Шапайдың «Сәуле-ғұмыр» атты ән кеші өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Тұрсынжан Шапайдың «Сәуле-ғұмыр» атты ән кеші өтті

Астанада Тұрсынжан Шапайдың «Сәуле-ғұмыр» атты ән кеші өтті

«Конгресс-Холл» сарайында жазушы, сыншы, сазгер Тұрсынжан Шапайдың «Сәуле-ғұмыр» атты ән кеші өтті.

  • 1 Шiлде 2011
  • 690
Фото - Caravan.kz

Танымал қаламгердің жанды тербеп, жүректі толқытқан әуезді әндері Астана жұтшылығының ыстық ықыласына бөленді. Ән кеші Рамазан Стамғазиевтің шырқаған даусымен басталды. Рамазан сазгердің бірнеше әндерін орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді.

Нұрлан Өнербай, Саят Медеуов, Досымжан Таңатаров, Сейіл Аяған, Ұлту Қабаева сынды белгiлi әншiлер Тұрсынжан Шапайдың тебіреніске толы туындыларын шебер орындап шықты.

Сондай-ақ осы кеште «Қоңыр» тобы да сазгердің «25 жас», «Бала ғашық», «Қоңыр қазым» әндерін тамылжыта шырқады. Бұл ән кешінде сазгердің Мұқағали Мақатаев, Несiпбек Айтұлы, Күләш Ахметова, Гүлнар Салықбайдың сөзiне жазылған әндерi орындалды.

Сахна экранында бейне көрініс көрсетіліп, жазушының өмір, қоғам, табиғат, сұлулық пен ғажап көркемдік туралы ойлары оқылды.

Соңғы жаңалықтар