Жарияланды: 570

Астанада ұлттық нақыштағы мұсылман киімдерінің байқауы өтеді

Астанада ұлттық нақыштағы мұсылман киімдерінің байқауы өтеді.

Бұл шара Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалығының қарсаңында ағымдағы жылы 27 маусымда елордадағы Президенттік мәдениет орталығында «Мұсылман киімі - ұлттық айшықта» деген атаумен өткелі отыр, деп хабарлады Мәдениет министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінен. Қазақстан мұсылман әйелдерінің киім үлгісінде ұлттық стиль мен нақышты жандандыруды мақсат етіп отырған бұл байқауға Қазақстаннан, таяу және шалғай шет елдерден 15-тен астам модельер мен кутюрье сайысқа түседі. Ұйымдастырушы - әйелдерге арналған "SalNur" журналы, ал қолдау көрсетушілер: Астана қаласының әкімшілігі, ҚР Қажылар қауымдастығы, ҚР Мәдениет пен діндер орталығы, «Ақ орда» республикалық қозғалысы, «Талант» арт орталығы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін