Астанада Жұмекен Нәжімеденовтің 80 жылдығына арналған кеш өтеді
![]() |
14 желтоқсанда сағат 11.00-де Ұлттық академиялық кітапханада ХХ ғасырдың аса талантты перзенті, қазақтың көрнекті ақыны, |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы әнұраны мәтінінің авторы Жұмекен Нәжімеденовтің 80 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіз елдің жыр жұлдызы - Жұмекен» атты кеш өтеді.
Кешті Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырады.
Шараның мақсаты - автордың өмірі мен шығармалары арқылы жастардың ұлтжандылық сезімін ояту, елін, жерін, туған тілін сүю - Отан алдындағы қасиетті борыштары екендігін ұғындыру. Көптеген шығармаларын, әндері мен күйлерін насихаттау, деп хабарлайды «Әдебиет порталы»
Кеш барысында Жұмекен Нәжімеденов туралы естеліктер айтылып, автордың шығармалары және ол кісі сүйіп тыңдаған әндер мен күйлер орындалады.
Кешке Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ақынның жары Нәсіп Мұстахқызы және ұрпақтары қатысады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін