Жарияланды: 570

Астанадағы әуенді субұрқақ көпшіліктің көзайымына айналды (ВИДЕО)

Астанадағы әуенді субұрқақ көпшіліктің көзайымына айналды (ВИДЕО)

Астанада Орталық саябақтағы әрі жарық шашып, әрі әуендер ойнап тұратын субұрқақ көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленуде. 

Еске сала кетейік, елордадағы Орталық саябақ өткен жылдың жазында жөнделіп, жұртшылыққа жаңа кейпінде ұсынылды. Ол алты бөлікке бөлінді: жағажай, орталық аллея, құрғақ субұрқақ, олимпиадашылар алаңы және ішінде мозайкалары бар төрт үңгірден тұратын композиция. 

Қала билігі енді мұндағы амфитеатр құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр, оның да қала көркін ажарландырып, көпшіліктің сүйікті демалыс орнына айнала түсетіні сөзсіз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін